A- A A+
«Көкшетау қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ
kokshe_qr
Жиынтық табысты есептеу ережелеріне өзгерістер енгізілді

АӘК тағайындауға өтiнiш берген отбасының жалпы кiрiсiн есептеу кезiнде тұрғын үй сертификаттарының сомасы ескерiлмейдi. Мұндай өзгерiстер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 28 шiлдедегi «АӘК-ге жүгiнген адамның (отбасының) жиынтық кiрiсiн есептеу ережесiн бекiту туралы» бұйрығына енгiзiлдi.

Өзгерiстер а.ж. наурыз айының басында алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн 10 күнтiзбелiк күн өткен соң күшiне енедi.

Тұрғын үй сертификаты тұрғын үй сатып алу кезiнде 1 млн теңге мөлшерiнде бастапқы жарнаны қамтамасыз ету үшiн берiледi. Бұл Қазақстан азаматтарының алуға мүмкiндiгi бар жергiлiктi атқарушы органдардың көмегi.

Алушылардың тiзiмiне денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт салаларының, полиция қызметтерiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар кiредi. Сертификат бастапқы жарнаның қажеттi мөлшерiнiң 90%-ына дейiн жабу үшiн берiледi.

Ағымдағы жылы елiмiздiң барлық өңiрлерiнде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң тапсырмасы бойынша нысаналы топ үшiн «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру бойынша түсiндiру семинарлары өтедi деп жоспарлануда. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» мен өңiрлердiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы кеңiнен ақпараттық кампания өткiзуде.

Мақаланың шыққан күні: 19.02.2020
Қаралым саны: 2659

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»