A- A A+
«Көкшетау қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ
kokshe_qr
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағыжер комиссиясы туралы ереже

2018 ж._____________
№_________________
Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң
қаулысымен бекiтiлдi

Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң жанындағыжер комиссиясы туралы ереже

Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Көкшетау қаласының жер комиссиясы (бұдан әрi — комиссия) — жер сұрақтарын реттеу және шешу мақсатында құрылған тұрақты қызмет ететiн орган болып табылады.

2. Комиссия Көкшетау қалалық әкiмдiгi жанындағыжергiлiктi атқарушы органмен құрылады.

Көкшетау қаласының әкiмi комиссияның дербес құрамын Көкшетау қалалық мәслихатының кезектi сессиясында бекiтугеұсынады.

3. Комиссия сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергiлiктi өкiлдi органның депутаттары, республикалық маңызы бар қаланыңастананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстыңуәкiлеттi органының өкiлдерiнен, тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардыңқұрылымдық бөлiмшелерi, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арасынан құрылады (олар болған кезде). Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органыныңқалауы бойынша комиссияның құрамына басқа да тұлғалар енгiзiлуi мүмкiн.

4. Комиссия өз қызметiн жер қатынастарын реттейтiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, осы ереже, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негiзiндежүзеге асырады.

5. Комиссиясының қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:

- заңдылық;

- iзгiлiк;

- лауазымды тұлғалардың өз iстерi мен қабылдайтын шешiмдерiне жауап кершiлiгi.

2. Комиссияның негiзгi функциялары

6. Комиссияның негiзгi функциясы өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелерiне меншiк және жер пайдалану құқығын беру туралы өтiнiштерiн қарастыру немесе жер учаскелерiне меншiк және жер пайдалану құқығынабас тарту, сондай-ақ жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатынөзгерту туралы болыптабылады

3. Комиссияның материалдарды қарау тәртiбi

7. Комиссияжер қатынастарын реттейтiн ҚР заңнамасына сәйкесжеке және заңды тұлғалардың жер учаскелерiне меншiк және жер пайдалану құқығын беру, сондай-ақ жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтiнiштерiн қарастырады немесе жер учаскелерiне меншiк және жер пайдалану құқығынабас тартады. Комиссияның қарауына сәулет және қала құрылысы саласындағыуәкiлеттi органның аумақтық бөлуге сәйкессұралып отырған жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты бойыншапайдалану мүмкiндiгi мәлiмделгенжәне өзге де уәкiлеттi органдардың қорытындылары қоса берiлген өтiнiштер енгiзiледi

8. Комиссия отырыстарын дайындау:

Материалдардың уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында, жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органмен қажеттi құжаттар тiзiмi қалыптастырылады.

9. Комиссияның отырыстарын өткiзу тәртiбi:

Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай күнтiзбелiк ай iшiнде кемiнде төрт рет өткiзiледi. Комиссия отырысы егер ондакомиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысқан кездезаңды болып табылады. Комиссия отырысында оның төрағасы, төраға болмаған жағдайда — төрағаның орынбасары төрағалық етедi.

10. Комиссияның хаттамасы:

Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша жауапты хатшымен Комиссия отырысының хаттамасы ресiмделедi. Отырысқа қатысушы Комиссия Комиссияның мүшелерiнiң көп дауысымен қорытынды шығарылады және материалдарды қарау нәтижесi бойынша хаттама ресiмделедi. Комиссия хаттамасында көрсетiледi: комиссияның атауы және дербес құрамы; комиссия отырысының орны және күнi; комиссиямен қабылданған шешiм, комисиямен қабылданған шешiмнiң негiзiжеке немесе заңды тұлғағақатысты қарастырылатын толық мағлұматтар, өтiнiште баяндалған мән-жайлар ,өтiнiш болып табылады.

Хаттамаға Комиссияның барлық мүшелерi және жауапты хатшымен қол қойылады, комиссия отырысында жарияланады.

Комиссияның шешiмi жер қатынастарын реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылады.

Комиссия отырысы хаттамасының үзiндiсiне Комиссия төрағасы және жауапты хатшымен қол қойылады және өтiнiш берушiге белгiленген мерзiмде берiледi.

Мақаланың шыққан күні: 12.03.2018 15:42
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.06.2018 17:23

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»