A- A A+
«Көкшетау қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ
kokshe_qr
Прокуратура ескертеді: жермен байланысты алаяқтық бар

Жердi сатып алмай тұрып келесiдей жағдайға назар аударыңыз: Сатушының қолында оның меншiк иесi екендiгiн растайтын 3 құжат болуы керек: — Жерге меншiк құқығын мемлекеттiк тiркеу куәлiгi; — Меншiк құқығын тiркеуге негiз болған құжаттың түпнұсқасы (мысалы, сатып алу — сату шарты, мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк және т.с.с.); — Кадастрлық жоспардың түпнұсқасы, онда жер учаскесiнiң кадастрлық номерi, алаңы және нақты мекенжайы көрсетiлуi тиiс. Аталған құжаттардың барлығында да меншiк иесi туралы мәлiмет бiрдей болуы керек. Меншiк иесi жеке тұлға болса, онда Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың болуын, ал заңды тұлғада оны тiркеу, салық органында есеп тұру куәлiгiн тексерген және Заңды тұлғалардың бiрыңғай тiзiлiмiнен анықтаманы алған жөн. Сатып алушыдан көбiрек ақша алу мақсатында алаңы үлкенiрек және iс жүзiнде басқа жерде орналасқан жер көрсетiлуi мүмкiн. Сондықтан, құжаттарды тексерген соң, жер алаңының кадастрлық жоспарға, координаттарына сәйкестiгiн мұқият тексеру керек. Сұрақтарыңыз болған жағдайда Бас прокуратураның Call-орталығына 115 номерi арқылы хабарласа аласыз

Мақаланың шыққан күні: 20.06.2018 16:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.06.2018 16:39

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»