A- A A+
«Көкшетау қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ
kokshe_qr
Жеке меншікке және уақытша өтеулі, 5 жыл мерзімге сатып алу құқығымен ұсынатын жер учаскілерінің ақпараттық хабарламасы

2019 жылдың 20 желтоқсандағы сағат 10.00 Акмола облысы, Көкшетау қаласы, М. Әуезов көшесі, 141 (Көкшетау қаласының әкімдік ғимараты, үлкен мәжіліс залы) мекенжайы бойынша, «Ағылшын» бағаның өсу әдісімен аукцион өткізіледі.

Сатуға қоса тіркеледі:

Жер учаскесінің орналасқан мекен жайы Аумағы (га) Жер учаскесінің пайдалану мақсаты Жер учаскесінің жыл сайынғы жалдау төлемінің көлемі, теңге Жер учаскесін жалға алу құқығының бастапқы бағасы (кадастрлық (бағалау) құнынаң 10 %), теңге Кепілдік жарна сомасы (50 АЕК)/Сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасынан 5%, теңге  
 
1 Көкшетау қ., ш / а. Центральный, 24 А үй ауданы 0,6030 9 қабатты тұрғын үй құрылысы үшін 61 169 1 266 300 126 250  
2 Көкшетау қ., ш / а. Центральный, 24 А үй ауданы 0,6027 9 қабатты тұрғын үй құрылысы үшін 61 138 1 265 670 126 250  
3 Көкшетау қ., ш / а. Сарыарқа 0,4000 12 қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 40 576 651 000 126 250  
4 Көкшетау қ., ш / а. Сарыарқа 0,3500 12 қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 35 504 569 625 126 250  
5 Көкшетау қ., Сүлейменов к-сі, 1Г және Сүлейменов к-сі, 1Д 0,0800 күрделі құрылыс құқығынсыз сауда павильонын орнату үшін 8 338 168 000 126 250  
6 Көкшетау қ., Островского көшесі 78А 0,4000 көп пәтерлі бес қабатты тұрғын үй құрылысы үшін 41 688 840 000 126 250  

Аукционды өткізу шарттары: аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді;

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, "Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ-мен Көкшетау қаласы әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға, игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.

Берілген жер учаскесінің шекарасынан инженерлік коммуникацияларды ауыстыру жеке жүргізіледі, яғни сауда-саттықтың жеңімпазы.

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50%мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Кепілдік жарна депозит шотына салынады:ИИК KZ050705034630251006, Ақмола облысының Қаржы Департаменты, БИК KKMFKZ2A,

БСН 050140008027, ММ кодтары 4630251, КНП 171, КБЕ 12

Ескертпе:әрбір сауда-саттық объектісі бойынша кепілдік жарна жеке енгізіледі.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет: 1) аукционға қатысуға өтінім; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжат; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжат. Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі. Шетел азаматтары және шетелдік заңды тұлғалар қазақ және орыс тілдеріне аударылған нотариалды куәландырылған шетел паспорты мен құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

Қатысушылар кепілдік жарналардың кез келген санын енгізуге құқылы, бұл ретте бір кепілдік жарна бір жер учаскесін сатып алуға құқық береді.

Аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау және аукционда қатысушылардың тіркелуі хабарлама берген күннен басталады. Мына мекенжайы бойынша: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Бауржан Момыұлы көшесі, 21, 4 қабат. 2019 жылдың 19 желтоқсанда сағат 10.00-де аяқталады.

Анықтама телефоны 251580, 254679, 253556.

Мақаланың шыққан күні: 06.12.2019 18:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.12.2019 18:18

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»