A- A A+
«Көкшетау қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ
kokshe_qr
Ақпараттық хабарлама

Көкшетау қаласы әкiмдiгi ауылшаруашылық өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскесiн жалға беру бойынша конкурс өткiзедi, конкурс 2016 жылы 7 желтоқсан сағат 15.00-де Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, М. Әуезов көшесi, 141 (әкiмшiлiк ғимараты) мекен-жайы бойынша өтедi.

№ п/п Жер алаптарының қысқаша сипаттамасы Ауданы (га) Бонитет балы Жалға беру мерзімі Жер учаскесінің орналасқан жері (орта қашықтық шаруашылықа және аудандық орталықтарына)
1 Егістік 55,0 42,9 3жыл Ақмола облысы Көкшетау қаласы, Көкшетау қаласынан   3 шақырым жерде орналасқан
2 Егістік 197,0 46,2 3 жыл Ақмола облысы Көкшетау қаласы, Көкшетау қаласынан 10  шақырым жерде орналасқан
3   Егістік Жайылым 300,0 15,0   49,0 3 жыл   Красный Яр ауылдық округі, Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылдан 19 шақырым жерде орналасқан
4 Жайылым 67,9 17,4 3 жыл Красный Яр ауылдық округі, Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылдан 16 шақырым жерде орналасқан
5 ТЖ  жайылым 109,0 32,1 3 жыл Красный Яр ауылдық округі, Көкшетау қаласы Красный Яр, ауылдан 10 шақырым жерде орналасқан
6 Егістік Жайылым 157,0 5,2 35,2 3 жыл Красный Яр ауылдық округі, Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылдан 19 шақырым жерде орналасқан
7 Егістік 119,0 45,3 3 жыл Красный Яр ауылдық округі, Көкшетау қаласы Красный Яр ауылдан, 8 шақырым жерде орналасқан
8 Жалпы: 1025,1      

Жер учаскелерiн беру шарттары: мiндеттi түрде мақсатты тағайындалуына сәйкес пайдалану. Конкурсқа қатысушы ретiнде тiркелу үшiн жеке басын куәландыратын құжатты және конкурстық өтiнiм тапсыру қажет.

I. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген заңды тұлғаның конкурстық өтiнiмiнде мынадай мәлiметтер болуға тиiстi:

1) конкурсқа қатысуға өтiнiм (түпнұсқа);

конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген қатысушы бiр немесе бiрнеше жер учаскелерiне конкурстық өтiнiмiн ұсынады;

2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi ұзартылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң қарсаңында салық және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша үш айдан асатын мерзiмi өткен берешегiнiң жоқ немесе бар екендiгi туралы бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, осы салық органының мөрi басылған тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

4) қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе жер учаскесiн пайдаланудың еркiн түрде дайындалған бағдарламасы;

5) кәсiпорынның штатында ауыл шаруашылығының мамандықтары бойынша бiлiктiлiгi мен жұмыс стажы көрсетiлген, кем дегенде 2 маманы бар болуы туралы, бiрiншi басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрi басылған анықтамасының түпнұсқасы;

6) ауылшаруашылық дақылдарды өндiру үшiн қажеттi ауылшаруашылық машиналары бар болуы туралы (бiрiншi басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, заңды тұлғаның мөрi басылған) анықтаманың түпнұсқасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызмет көрсетудi сатып алу және т.б.) шартының көшiрмесi;

7) қатысушыға, конкурстық комиссия жеңiмпазды анықтағанда ескерiлетiн, өзi туралы басқа да сенiмдi ақпараттарды ұсынуға болады.

II. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген жеке тұлғаның конкурстық өтiнiмiнде мынадай мәлiметтер болуға тиiстi:

1) жеке тұлға куәлiгiнiң (төлқұжат) немесе уақытша куәлiгiнiң көшiрмесi;

2) конкурсқа қатысуға өтiнiм (түпнұсқа);

конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген қатысушы бiр немесе бiрнеше жер учаскелерiне конкурстық өтiнiмiн ұсынады;

3) қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе ауылшаруашылық дақылдар өндiру үшiн қажеттi ауылшаруашылық машиналары көрсетiлген ерiктi түрде дайындалған жер учаскесiн пайдалану бағдарламасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызмет көрсетудi сатып алу және т.б.) шартының көшiрмесi;

4) бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметi және жұмыс стажы туралы мәлiметтерi бар өмiрбаяны;

5) қатысушыға, конкурстық комиссияның жеңiмпазды анықтауда ескерiлетiн, өзi туралы басқа да сенiмдi ақпарат ұсынуға болады.

Конкурстық өтiнiм өшпейтiн сиямен қатысушымен басылып немесе жазылып, тiгiлген түрде нөмiрленген беттерiмен ұсынылады және соңғы бетi жеке тұлға үшiн — қатысушының қолымен, ал заңды тұлға үшiн — бiрiншi басшысының (сенiм жүктелген тұлғаның) қолымен және мөрiмен куәландырады. Конкурстық өнiмiнде, қателердi түзету қажет болған жағдайды қоспағанда, қатысушының грамматикалық немесе арифметикалық жол арасында қосымша жазылған ешқандай қосулары, өшiру немесе қосып жазуы болмауы тиiс.

Конкурсқа қатысушыларды тiркеу: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89, 415 кабинет мекен-жайы бойынша жүргiзiледi. Конкурстық өтiнiмдердi тапсырудың соңғы мерзiмi — 2016 жылы 30 қараша, сағат 18.00-дейiн. Сонымен қатар нақты ақпаратты, сайтында немесе телефон арқылы бiле аласыз.www. ozo-kokshetau.akmo.gov.kz

Анықтама үшiн телефон — (8 7162) 25-35-56.

Қөкшетау қаласы жер қатынастары бөлiмi.

Мақаланың шыққан күні: 01.11.2016 09:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.11.2016 09:34

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»