A- A A+
«Көкшетау қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ
kokshe_qr
«Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң ЕРЕЖЕСI

1-тарау. Жалпы ережелер

1.«Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлiмi» (бұдан әрi-Бөлiм) жер қатынастары саласында атқарушы функцияларды жүзеге асыру үшiн құрылған заңды тұлға мәртебесiне ие Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Бөлiм өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының Заңдарына және Жер кодексiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады;

3. Бөлiм Мемлекеттiк органның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады;

4. Бөлiм егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар;

5. Бөлiм өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы;

6. Бөлiм өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлiм басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды;

7. Бөлiмнiң құрылымы мен шектi штат саны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекiтiледi;

8. Мемлекеттiк органның орналасқан жерi-020000 Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесi 21;

9. Мемлекеттiк органның толық атауы қазақ тiлiнде:

"Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлiмi "мемлекеттiк органның орыс тiлiндегi толық атауы: Государственное учреждение" Отдел земельных отношений города Кокшетау»;

10. Осы Ереже Бөлiмнiң құрылтай құжаты болып табылады;

11. Бөлiмдi қаржыландыру қалалық бюджетте атқарушы органдарды ұстауға көзделген қаражаттан жүзеге асырылады;

12. Бөлiмге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлiмнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады;

2-тарау. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары және мiндеттерi

13. Бөлiмнiң миссиясы: жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу;

14. Бөлiмнiң негiзгi мiндеттерi болып табылады:

1) жер заңнамасын, қалалық өкiлдi және атқарушы органдардың өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн орындау;

2) Көкшетау қаласының аумағында жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;

3) жер қатынастары саласындағы мемлекеттiк саясатты дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу;

4) Қазақстан Республикасының Жер Кодексi және жер қатынастарын реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен Бөлiмнiң құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер бойынша мiндеттердi орындау;

15. Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi орындау үшiн Бөлiм келесi функцияларды жүзеге асырады:

1) иесiз жер учаскелерiн анықтау және оларды есепке қою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

2) жергiлiктi атқарушы органның жер учаскелерiн беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

2-1) пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшiн қауымдық Сервитуттарды белгiлеу жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органның ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

3) мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiнде ұсыныстар дайындау;

4) жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн анықтау;

5) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;

6) жердi аймақтарға бөлу жобаларын, жердi ұтымды пайдалану жөнiндегi жобалар мен схемаларды әзiрлеудi ұйымдастыру;

7) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) өткiзудi ұйымдастыру);

8) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiн қозғайтын жобалар мен схемаларға сараптама жүргiзу;

9) жер балансын жасау;

10) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектiлерiнiң есебiн жүргiзу;

11) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектiлерiнiң есебiн жүргiзу;

12) жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және уақытша өтеусiз жер пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

13) iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға жергiлiктi атқарушы органның рұқсат беруi бойынша ұсыныстар дайындау;

14) пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлердi анықтау;

15) жердi резервте қалдыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;

16) жер-кадастрлық жоспарды бекiту;

17) жер қатынастары саласында мемлекеттiк қызмет көрсету;

18) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын беру;

19) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру;

16. Жүктелген мiндеттердi орындау үшiн бөлiмнiң құқығы бар:

1) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер қатынастары мәселелерi бойынша қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негiздер бойынша жер пайдалану құқығын тоқтату туралы тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзуге;

3) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушыларға шаралар қолдану үшiн тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзуге;

4) сот органдарында өз атынан, сондай-ақ қала әкiмдiгi мен әкiмiнiң атынан талапкер болуға, сот, құқық қорғау, қоғамдық және өзге де органдарда, мекемелер мен ұйымдарда жер заңнамасы мәселелерi бойынша қорытындылар беруге;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асыру;

3-тарау. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17. Бөлiмге басшылықты мемлекеттiк мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады;

18. Бөлiм басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады;

19. Бөлiм басшысының өкiлеттiгi:

1) барлық ұйымдарда мүддесiн бiлдiредi, бөлiм атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;

2) қаржылық құжаттарға бiрiншi қол қою құқығына ие, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi;

3) қызметкерлер арасында лауазымдық мiндеттердi және олардың жауапкершiлiк дәрежесiн бөледi және бекiтедi, бюджеттiк қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етедi, бөлiмнiң барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

4) iс сапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлердi оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттырудың өзге де түрлерi бойынша бөлiмнiң тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлiм қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, қызметкерлерге көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жаза қолданады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады;

20. Бөлiм басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi

21. Бөлiмнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн;

Бөлiмнiң мүлкi мемлекет берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады;

22. Бөлiмге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады;

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлiм өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ;

5-тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. Бөлiмдi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мақаланың шыққан күні: 08.04.2016 15:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.04.2020 12:13

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»