A- A A+
«Көкшетау қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ
kokshe_qr
Жерді өз бетінше иеленіп алу фактілерін болдырмау жөнінде ескертпе

Қазақстан Ренспубликасы Жер кодексiнiң 43-бабы 10-тармағына сәйкес, егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.

Құқық белгiлейтiн құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.

Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 136-бабына сәйкес, мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленiп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау — жеке тұлғаларға — елуден бастап жетпiс беске дейiн айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстан Ренспубликасы Жер кодексiнiң 164-1 — бабының 2-тармағы негiзiнде, мемлекет меншiгiндегi және жер пайдалануға берiлмеген жер құрамынан өз бетiнше

иеленiп алынған жер учаскесiн қайтаруды талап етудi жер учаскесi орналасқан жер бойынша жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.

Заңсыз иеленушi өз бетiнше иеленiп алған жер учаскесiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген әкiмшiлiк жазалар қолданылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде босатуға және өз бетiнше иеленiп алған жер учаскесiнде салынған (салынып жатқан) құрылысты, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзi немесе өз есебiнен бұзуды жүзеге асыруға мiндеттi.

Жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу жағдайларын және құқық куәландыратын құжаттарсыз заңсыз салынған құрылысты алдын-алу үшiн, жеке және заңды тұлғалар өз бетiнше иеленiп алу қандай зардаптарға әкелiп соғатынын сезiну керек.

Мақаланың шыққан күні: 20.06.2018 16:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.06.2018 16:40

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»